Нұсқаулық
Платформаның мүмкіндіктері мен жұмыс тәртібі. Әр өзгеріс модерация арқылы өтеді — шежіре тек тексерілген деректермен толығады.
Рөлдер мен мүмкіндіктер
Қонақсіздің рөліңіз
Кірусіз — қауіпсіз қарау режимі
- Ағашты еркін қарау: тармақтарды ашу, масштаб, ата-баба ұрпағы; есім, әкесі немесе тармақ бойынша іздеу
- Жаңалықтар, басшылық тізімі, биылғы мерейтойлар
- Тұлға картасымен бөлісу — сілтеме немесе WhatsApp
- Құжаттар мен байланыс деректері көрінбейді, өзгеріс ұсынылмайды
Ру мүшесі
Модератордың шақыруымен қосылады
- Қонақтың барлық мүмкіндігі, қосымша — құжаттар мен байланыс деректерін көру
- Өзгеріс ұсыну: «Өңдеу», «Ұл қосу», «Қыз қосу», «Әйел қосу», «Қайтыс болуын тіркеу», «Ауыстыру», «Өшіру»
- Куәлік, фотосурет және бейне қосу — барлығы модерация арқылы
- Өз өтінімдерін бақылау, қайтарылғанын түзеп қайта жіберу
- Профиль: ағаштағы өз тұлғасын байланыстыру, құпия сөз, «Жеті атам» постері
Тармақ модераторы
Өзіне тағайындалған тармақтың ғана модераторы
- Мүшенің барлық мүмкіндігі
- Өз тармағының өтінімдерін шешу: мақұлдау, қайтару, бас тарту
- Руға жаңа мүше шақыру — профильдегі «Руға шақыру»
- Жаңалық жазу және өңдеу — мұқаба суреті мен YouTube бейнесімен
- Басты бетті безендіру, қонақ өтінімдерін көру, толық аналитика
Супер-әкімші
Бүкіл шежіре жүйесіне жауапты
- Барлық тармақтың өтінімдері бойынша шешім қабылдау
- Әкімші панелі: пайдаланушыларды басқару, модератор тағайындау
Іздеу — аттас адамдарды қалай ажыратамын?
Іздеу жолағы — әр беттің жоғарғы жағында
Есіммен бірге әкесін, атасын немесе тармағын жазсаңыз, тізім бірден қысқарады
- Есімді теріңіз — мысалы, Марат. Ағашта мұндай есім көп болса, тізімнің соңында «Тағы N адам» деген жазу шығады: бұл дәлірек жазу керек деген белгі.
- Бос орыннан кейін әкесінің есімін қосыңыз: Марат Серік — «Марат Серікбайұлы» ғана қалады. Әкесінің есімін толық жазу міндетті емес, басы да жеткілікті.
- Әкесі белгісіз болса, атасын немесе тармақтың атын жазыңыз: Марат Құлшық — осы тармақтағы Мараттар ғана шығады. Сөздердің реті маңызды емес.
- Тізімдегі әр адамның астында әкесі, атасы, тармағы және туған жылы тұрады — аттастарды осы жолмен ажыратасыз. Нақты есімі сәйкес келгендер жоғарыда, тірілер марқұмдардан бұрын тұрады.
- Керек адамды басыңыз — ағаш оған өзі ауысып, картасын ашады.
Руға қалай қосыламын?
Тіркелу — тек шақыру арқылы
Ашық тіркелу жоқ: деректердің сенімділігі үшін жаңа мүшені модератор шақырады
- «Басшылық» бетінен өз тармағыңыздың модераторын тауып, оған тікелей хабарласыңыз.
- Модератор өзі хабарласып, поштаңызға шақыру сілтемесін жібереді (сілтеме 7 күн жарамды).
- Сілтемемен кіріп, құпия сөзіңізді өзіңіз қоясыз — енді құжаттарды көріп, өзгеріс ұсына аласыз.